Референдум күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Жалпы күшейтілген режим Алматы қаласында 6 наурыздан бастап енгізілген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін полиция қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Құқық қорғау органдары қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тәулік бойы қызмет атқарады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ел бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге шамамен 33 мың полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан әскері жұмылдырылған. Олардың жартысынан көбі тікелей референдум өтетін учаскелерде кезекшілік етеді.

Жалпы күшейтілген режим Алматы қаласында 6 наурыздан бастап енгізілген. Тәртіп сақшылары дауыс беру учаскелерінің ішінде және оған іргелес аумақта қоғамдық тыныштықты қадағалап, көшелерді патрульдеуде. Сондай-ақ сайлау құжаттарын тасымалдау кезінде де қауіпсіздік қатаң бақылауға алынған.

«Қоғамдық қауіпсіздікті, сонымен қатар жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Сайлау учаскелерінде полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде. Ахуал тұрақты және бақылауда», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқи отырыңыз: Алматыда 52 мыңнан астам жас алғаш рет референдумда дауыс береді

Новости партнеров