Елімізде жаңа Конституцияның жобасы жарияланды. Онда қолданыстағы Ата заңның 84 пайызына өзгеріс енгізілген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жоба кіріспеден, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады. Халық құжатты бұқаралық ақпарат құралдарынан оқи алады. Ал республикалық референдум 15 наурызда өтеді. Кеше Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойған еді. Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев әрбір азаматтың референдумға қатысуы маңызды екенін атап өтті.
«Әрбір азамат ең бірінші референдумға дауыс беруге келуі керек. Ол кері дауыс берсін, оң дауыс берсін – өзінің еркі. Бірақ референдумға келіп, өзінің пікірін білдіру – мемлекеттің жұмысына араласудың бір жанама түрі деп ойлаймын», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғалиасқар Сарыбаев.
Оқи отырыңыз: Ер мен әйелдің одағы: жаңа Конституция жобасында неке ұғымы нақтыланды