Референдумдағы әр дауыс ел болашағын айқындайды - Мәулен Әшімбаев

15.03.2026 14:40

Сенат төрағасы Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан учаскеде дауыс берді

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев республикалық референдумда дауыс берді. Ол өз таңдауын Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан учаскеде жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сенат спикері: "Саяси науқан - елдің болашақ даму бағытын айқындайтын маңызды кезең", - деді.

Ол мұндай халықтық дауыс беру азаматтарға мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік беретінін атап өтті.  

«Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн, өте жауапты күн. Әрбір дауыс маңызды және бұл жоғары азаматтық белсенділіктің көрінісі. Елдің болашағына қатысты пікірімізді білдіру - біздің енді бір дамыған мемлекет екендігімізді көрсететін нышан», - деді ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Оқи отырыңыз: Шымкентте референдум қалай өтіп жатыр