Референдумға 12 миллионнан астам азамат қатысуға құқылы

10.03.2026 14:25

Ел аумағында 10 мың 413 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді

Almaty.tv

Жаңа Конституция жобасына қатысты республикалық референдумға 12 миллионнан астам азамат қатысуға құқылы, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сол күні ел аумағында 10 мың 413 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Оның 9 мың 779-ы азаматтардың тұрғылықты жері бойынша, ал 634-і уақытша мекен-жай бойынша құрылады. Сондай-ақ 64 шет мемлекеттің аумағында 82 референдум учаскесі ашылады.

Ал комиссия құрамында барлығы 71 мың 44 адам жұмыс істейді деп жоспарланған

Оқи Отырыңыз: Ұлытау облысының тұрғындары конституциялық реформаны және алдағы референдумды қолдады