Алматыда өткен “Жасанды интеллект жылы” аясында ұйымдастырылған JAS STARS концерттік кеші барысында Шахислам Лайсханов сөз сөйледі. Ол алматылықтарды ел болашағына қатысты маңызды кезеңде бірлік танытуға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, бұл шара жай ғана концерт емес, қазіргі күрделі геосаяси ахуал жағдайында бейбітшілік пен тұрақтылықтың айқын көрінісі болды.
Спикер жас ғалым ретінде еліміздегі конституциялық өзгерістерді қолдайтынын жеткізді.
«Кез келген реформа – болашақ ұрпақ үшін жасалатын маңызды қадам», – деді ол.
Сонымен қатар жаңа Конституция жобасында ғылымның рөлі айқын көрсетілгенін атап өтті. Оның сөзінше, ғылым мен инновация алғаш рет мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыты ретінде қарастырылып отыр, бұл елді жаңғыртуға және қоғамды дамытуға серпін береді.
Лайсханов Шахислам Ұзақбайұлы бейбітшіліктің маңыздылығына ерекше тоқталды.
«Біздің басты құндылығымыз – бейбітшілік. Бейбітшілік бар жерде ғылым дамиды, білім өркендейді, экономика қарыштайды», – деп атап өтті ол. Сондықтан татулық пен бірлікті сақтау қоғам үшін басты басымдық болуы тиіс екенін айтты.
Сөз соңында спикер Хәкім Абайдың «Ақсақал айтты, бай айтты, кім айтса мейлі сол айтты, ақылменен жеңсеңіз» деген нақылын келтіріп, тұрғындарды 15 наурыз күні өтетін референдумға қатысып, ел болашағы үшін дұрыс әрі саналы таңдау жасауға шақырды.
Оқи отырыңыз: Jas Stars: Алматыда референдумды қолдауға бағытталған ауқымды концерт өтті