Шетелдегі 14 учаске жұмысын аяқтады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда референдум аяқталуға жақын болса, шетелде дауыс беру әлі де жалғасып жатыр. Орталық референдум комиссия өзге мемлекеттерде жүрген 14 мың 380 қазақстандық өз таңдауын жасайтынын айтқан. Олар 54 елде орналасқан 71 дауыс беру орнына барады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Санаулы минуттар бұрын Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов шекараның арғы жағындағы жағдайды баяндады. Сөзінше, 54 елдегі 17 учаскенің 14-і жұмысын аяқтаған. Оған дейін 9050 адам дауыс берген. Ал Қазақстан уақыты бойынша сағат 00:00-ге дейін шетелдегі 64 учаске жабылады. Елге де оралайын. Сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша Қызылорда облысының жұрты көш бастап тұр. Олардың үлесі 91,80 процент. Одан кейін Шығыс Қазақстан халқы тұр. Аймақ тұрғындарының 83,63 пайызы таңдау жасаған. Ақтөбе облысы үштікте. Ол жақтың халқының 83,12 проценті дауыс берген.

«Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 845 280 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 70,98 пайызын құрады. Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат  20.00-дегі жағдай бойынша сағат 20.30-да беріледі», – деді Орталық референдум комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов.

Шамамен жарты сағаттан кейін Қазақстанда дауыс беру аяқталады. Ал өзге мемлекетте жүрген жерлестеріміз енді ғана өз таңдауын жасайды. Мәселен, бірер минут бұрын ғана АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы учаске ашылды. Ол ертең, яғни 16 наурыз Астана уақытымен таңғы 8-де жабылады. Ал, Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында біздің уақытпен 16.00-де дауыс беру орындары жұмысын бастаған

Оқи отырыңыз: Жамиля Серкебаева референдумда дауыс берді

 

 

 

Новости партнеров