Ұлытау облысында республикалық референдум өткізуге арналған 6 аумақтық және 127 учаскелік комиссия жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Барлық дауыс беру нысаны қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етіліп, тұрғындардың өз таңдауын еркін жасауына жағдай жасалған. Ал комиссия құрамында барлығы 845 адам еңбек етуде.
Бүгін облыс орталығы саналатын Жезқазған қаласында және оған іргелес орналасқан Сәтбаев қаласында референдумға қатысып, өзінің азаматтық борышын өтеп жатқандардың қарасы қалың. Ұлытау облысы бойынша 136 447 азамат өз таңдауын жасайды.
«Бүгін азаматтарымыз референдумға белсенді қатысып жатыр. Бұл 56 учаскеде 1873 адам тіркелген. Сонымен қатар мектебіміздің мүмкіндігін пайдаланып ерекше жандарға барлық жағдай қарастырылған. Барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар ерекше азаматымызды күтеміз. Жалпы 4 азамат үйден дауыс беруге өтініш білдірген», – деді Сәтбаев қаласы № 56 сайлау учаскесінің төрағасы Ақмарал Шоқыбаева
«Бүгінгі референдумға келіп калдық. Ұлым 23-те. Ерекше жандарға кедергісіз жағдай жасалған. Рақмет, сыйлық та беріп жатыр, ұлым өз таңдауын жасады», – деді Сәтбаев қаласының тұрғыны Айсұлу Есмағанбетова.
«Өз дауысымды беруге келдім. Екінші топтағы мүгедекпін. Таңдауымды жасадым», – деді Сәтбаев қаласының тұрғыны Алматбек Мырзатов.
Референдум кезеңінде ерекше қажеттілігі бар 421 адам үшін арнайы дауыс беру кабиналары жасақталған. Олардың қатарында кресло-арбаларды пайдаланатын 276, зағип және нашар көретіндері - 87, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар – 58 адам бар. Бұл күні облыстың қалаларында 7 инватакси қызмет көрсетеді.
Референдум күні ерекше азаматтарға барлық жағдай жасалған. Учаскелерде арнайы пандустар, қызметкерлердің көмегі және бейімделген бюллетеньдер дайындалған. Бұл азаматтар да өз құқықтарын пайдаланып, қоғам өміріне белсенді қатысуда.
Алтынгүл Төлегенова, Жалғас Төлегенов
Оқи отырыңыз: Алматыда референдумға ақындар, жазушылар, журналистер мен әдебиеттанушылар қатысты