Алматыда екі дүркін әлем чемпионы Алуа Балқыбекова референдумда дауыс берді

15.03.2026 13:17

Танымал спортшы дауыс беруге арнайы келгенін атап өтті

РСК Алматы

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Алуа Балқыбекова республикалық референдумға қатысып, таңдауын жасады. Ол Наурызбай ауданындағы №515 референдум учаскесіне келіп, дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Танымал спортшы дауыс беруге арнайы келгенін атап өтті. Қазіргі уақытта ол Алматы облысында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында жүр.

«Бүгін, 15 наурыз күні, бүкіл республика бойынша референдум өтіп жатыр. Сондықтан арнайы өз учаскеме келіп, дауыс бердім. Бұл еліміздің болашағы үшін маңызды оқиға», — деді Алуа Балқыбекова.

Айта кетейік, Алматы тұрғындары 653 референдум учаскесінде дауыс беріп жатыр. Сағат 7:00-де ашылған учаскелер сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Дархан Сатыбалды республикалық референдумда дауыс берді