Референдумға дейін:
23
күн
21
сағат
47
минут

Жаңа Конституция – жаңа дәуір талаптарына сай әзірленген стратегиялық маңызды құжат

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа Конституция – жаңа дәуір талаптарына сай әзірленген стратегиялық маңызды құжат. Сарапшылардың айтуынша, Ата заң жобасы елдегі саяси жаңғыру үдерісі мен қоғам сұранысын ескере отырып дайындалған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өйткені уақыт ағымымен қоғамның сұранысы да, мемлекеттік басқару жүйесіне қойылатын талаптар да жаңарып келеді. Осы ретте мемлекет билік тармақтарының өкілеттігін нақтылап, олардың арасындағы тепе-теңдік пен жауапкершілік тетіктерін күшейтуді көздейді. Осылайша, жаңартылған Конституция ел дамуының жаңа кезеңіне құқықтық негіз қалыптастырып, саяси тұрақтылық пен орнықты өсімге жол ашады.

«Әлемдік деңгейдегі мемлекеттердің арасындағы қарым-қатынас, бір-біріне деген өзара қатынастардың қалыптасуы өзгеріп отыр. Сондықтан да біздің мемлекет өзінің мемлекеттік билік тармақтарының жүйесін нығайтып, олардың арасындағы тепе-теңдікті орнықтырып және мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынас тетіктерін нығайту үшін қажет», – деді заң ғылымдарының докторы Жамаладин Ибрагимов .

Профессордың айтуынша, жаңа бастамалар ең алдымен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған. Енді бұл қағидалар тек жарияланған норма ретінде емес, олардың іс жүзінде орындалуын қамтамасыз ететін нақты механизмдер арқылы жүзеге аспақ. Мамандардың пікірінше, егер конституциялық өзгерістер алдағы референдумда қолдау тапса, оның құқықтық әрі қоғамдық маңызы жоғары болады. Бұл бастама елдегі демократиялық үдерістерді нығайтып, азамат пен мемлекет арасындағы өзара жауапкершілікті жаңа деңгейге көтереді.

«Жоспарланып отырған халықтық референдумның маңызы өте үлкен. Болашақта қабылданатын мемлекеттің негізгі заңы – Конституцияның жобасының қабылдануын  мемлекеттің азаматтары шешеді. Яғни қоғам болып шешеді. Сондықтан республикалық референдумның маңызы өте зор. Конституцияның жобасында да көрсетілген», – деді заң ғылымдарының докторы Жамаладин Ибрагимов.

Оқи отырыңыз: Алматының Мемлекеттік архивінде конституциялық реформаның негізгі бағыттары талқыланды

Новости партнеров