Референдумға дейін:
23
күн
20
сағат
14
минут

Алматылық жастар референдумның маңызын талқылады

Open-talk форматында өткен жиында Ата заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы айтылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа Конституция – новеллалар мен жаңалықтарға толы. Бүгін Алматыдағы Аюсай визит-орталығында студенттермен кездескен заңгерлер осылай деді. Open-talk форматында өткен жиында Ата заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайы сөз болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұдан бөлек қатысушылар алда болатын референдумның маңызына да тоқталды.

«Жаңа Конституция жобасы – бұл новеллаларға, жаңалықтарға толы. Әсіресе бағыт-бағдар беретін, Конституцияның өне бойынан көрініс табатын үлкен преамбула. Тек ғана қазіргі таңда кіріспе ретінде ғана емес, Конституцияның өн бойына үлкен әсер ететін негізгі бағыттар, негізгі құндылықтар – осы», – деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің деканы Уәлихан Ахатов.

«Бүгін табиғат аясына, Аюсайға келіп отырмыз. Қазіргі таңда туризм бағыты да еліміздің негізгі бағыт-бағдарына айналып отыр. Осының бәрін пайдаланала отырып, таза ауада жастарға еркін форматта кездесу ұйымдастыруды жөн көрдік. Өйткені, қазір жастарға күнделікті аудиторияларда, университет қабырғаларында кездесулер өтіп жатыр. Осындай форматты өзгертіп, өздерінің қызығушылығымен келетіндей жағдай жасап жатқан жағдайымыз бар», – деді коалиция мүшесі Дидар Ділдәбек.

Оқи отырыңыз: Жаңа Конституция – жаңа дәуір талаптарына сай әзірленген стратегиялық маңызды құжат

 

 

 

 

Новости партнеров