Жаңа Конституция жобасы – ел болашағына жасалған маңызды қадам: Алмалы ауданында қала жастарының қатысуымен жиын өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Жаңа Конституция – ел болашағына жасалған маңызды қадам». Бұл туралы Алматының Алмалы ауданында қала жастарының қатысуымен өткен жиында айтылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Басқосуда қатысушылар конституциялық өзгерістердің маңызын талқылап, елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы рөлін атап өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кездесудің басты мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және референдумға белсенді қатысуға шақыру.

«Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша комьюнити орталыққа келдік. Колледждегі студенттер Конституция жобасын талқыладық. Жастар қолдап отыр», – деді Принтмедиа технологиялар колледжінің өндірістік оқыту шебері Жұлдыз Жарылқасынқызы.

«Конституция – тек заңдардың жиынтығы емес. Конституция  – мемлекет пен азаматтардың арасындағы байланыстың негізгі кепілі. Жаңа Ата Заңымыздағы  өзгерістердің басты мақсаты – мемлекетіміз бен азаматтарымыздың арасындағы байланысты күшейту», – деді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттік ректоры Роза Рахматуллаева.

Оқи отырыңыз: Жаңа Конституция жобасында мемлекеттің саяси тұрақтылығын қамтитын тетіктер қарастырылды - Ерлан Саиров

Новости партнеров