Жаңа Конституция жобасында адвокатура институтының мәртебесі күшейтілген. Қорғаушы Тельман Әленов «бұл – жай ғана норма емес, адвокаттың құқықтық мемлекеттегі рөлін мойындау, оның кәсіби қызметіне берілетін кепілдіктерді күшейту» деп санайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Сондай-ақ ол «адвокатура қоғам үшін маңызды институт» деп атап өтті. Өйткені, ол адвокаттық көмекті ұйымдастырып, азаматтарға құқықтық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді. Сондықтан спикердің айтуынша, құжаттың 86-бабы мемлекеттің қорғаушыларға деген көзқарасы өзгергенін, оның қоғамдағы рөлін маңызды деп танығанын білдіреді.
«Бұрын адвокат тек қана заң көлемінде анықталатын болса, енді Конституция аясында анықталып, адвокатураның қоғамдағы орындайтын міндеттері, көрсететін жәрдемі биік деңгейге Ата Заңға енгізіп, кез келген адам таласпайтындай жеке заң қабылдап, оны өзгерте алмайтындай бекітілді», – деді адвокат Тельман Әленов.
Оқи отырыңыз: Жетісу жастары Жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған флешмобқа қатысты