Зарина Кәрмен ел үшін маңызды күні дауыс берді

15.03.2026 18:24

Саяси науқанда өнер жұлдыздары да белсенді. Алматыдағы референдум учаскелерінде еліміздің мәдениеті мен өнеріне үлес қосып жүрген танымал тұлғалар таңдауын жасады. Әнші Қуандық Рахым мен актриса Зарина Кәрмен ел үшін маңызды күні дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олардың сөзінше, мемлекет ісінің алға басуына әр адам атсалысуы қажет.

«Отбасымызбен де ақылдасып, дос-жарандарымызбен де ақылдасып, осы күнді ұзақ күттік! Болашаққа үлес қосу – әрбір азаматтың міндеті», – деді актриса Зарина Кәрмен.

Оқи отырыңыз: Референдумға келген қазақстандықтар креативті образдарымен көпшілікті таңғалдырды