Зиялы қауым өкілдері референдумда халық өз таңдауын жасайтынына сенімді

12.02.2026 19:42

«Ел азаматтары референдумға белсенді қатысуы керек». Зиялы қауым өкілдері Әділетті Қазақстанның конституциялық моделінің қалыптасуына халықтың бір атаның баласындай атсалысатынына сенімді, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Олардың айтуынша, жаңа Ата Заң жобасы ашық әрі жан-жақты талқыланып, мұқият пысықталды. Құжатта азаматтардың ұсыныстары барынша ескерілген. Қазақстанның еңбек ері Аягүл Миразова «Бұл – халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іс жүзіндегі жарқын көрінісі» деп атап өтті.

«Өмірге келетін Ата Заңымыз халықтың жүрегінен орын табатынына, еліміздің келешегіне жақсы жағынан әсер ететініне сенімдімін. Ал референдумға байланысты айтатын болсақ, бұл халықпен пікірлесу, халықтың ойын тек референдум арқылы біле алады», – деді Қазақстанның еңбек ері Аягүл Миразова.

Жазушылар қауымы тәуелсіздігіміздің іргесін бекіту үшін алдағы референдумда халық өз таңдауын жасайтынына сенімді.

«Конституцияда еліміздің тәуелсіздігіне ешқандай қол сұғуға болмайтыны айқын көрсетілген. Халқымызды сабырлықпен, салиқалылықпен қарап, қазіргі алмағайып заманда еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміздің іргесін бекіту үшін алдағы референдумда өз таңдауын жасайды деп сенемін», – деді Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы Бауыржан Жақып.

Оқи отырыңыз: Елорда тұрғындары референдумға барып, дауыс беруге дайын