Нұрсұлтан Досжан: Ғылым саласында оң өзгеріс көп

14.12.2021 02:42
стоп-кадр

"Магистратура оқып жүргенде 5 адамды Токио халықаралық университетіне ғылыми іссапарға жіберді. Соның бірі мен болдым. Біз ол жақта ғарыштық апараттарды құрастырудың негіздерін теориялық және практикалық тұрғадан 2 жылдай оқып үйреніп келдік. Ол жақта "нано" спутниктерін құрастырып, әртүрлі сынақтан өткіздік. Қазір үйренгеніміздің бәрін студенттерге үйретіп жатырмыз. Алғаш рет 2017 жылы Қазақстанның "нано" жер серігі ұшырылды. Уақыт өте келе тағы екіншісі ұшырылды. Олардың бірі ғарышта әлі өз қызметін атқарып тұр. Қазіргі таңда біздің жастарға өзге елде білімін жетілдіруге бүкіл жағдай жасалған", – дейді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы Нұрсұлтан Досжан.