Ұлжан Апбасова: Тәуелсіздікпен құрдас дәрігерлердің біліктілігі жоғары

14.12.2021 02:46
стоп-кадр

«Еліміз тәуелсіздік алғалы бері көптеген мүмкіндік пайда болды. Жастар шетелдік мамандардың білімін алып, онлайн оқып, білімін жетілдірді. Сондықтан қазіргі мамандардың дәрежесі өте жоғары. Осы ауруханада қызмет етіп жүрген тәуелсіздіктің төл құрдастары өте көп. Қазіргі уақытта жас мамандар үшін барлық жағдай жасалған», – дейді қалалық №7 клиникалық ауруханасы жұқпалы аурулар бөлімшесінің меңгерушісі Ұлжан Апбасова.