Кез келген іс-шара, оның ішінде сайлау да жалған «отшашумен» сүйемелденеді. Бұл туралы қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Қазыбек Шайх өзінің Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сайлау уақытында теріс ақпарат таратып жүрген арам пиғылды адамдардың әрекеттері әшкереленуде.
Бір күн бұрын әлеуметтік желілерде сайлау күні, 10 қаңтарда сайлау учаскелерінде «партия өкіліне дауыс берген алматылықтарға азық-түлік себеттері таратылатыны» туралы ақпарат тарай бастады.
Партияның Алматы қалалық филиалы бұл ақпаратты бірден жоққа шығарып, оны «белгісіз біреулердің манипуляциясы» деп атады.
Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде сайлау кезінде Алматы қаласындағы 36 ЖОО-дан партияны қолдау үшін 50 студенттен жіберілетіні» туралы жалған ақпарат тарауда.
Мұндай ақпараттар ешқандай да шындыққа жанаспайды. Пандемия кезінде студенттердің қашықтан оқып жатқанын, қазіргі уақытта Қазақстанның барлық жоғарғы оқу орындарында студенттердің жоқ екенін, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай көп адамның жиналуға болмайтынын еске саламыз.
Сонымен қатар, Whatsapp-тағы және басқа да мессенджерлердегі чаттарда таратылған хабарламалар сенімді ақпарат көзі саналмайды. Екіншіден, бұл хабарламаға сілтемелер, ақпарат көздері, байланыс деректері қолданылмайды.
Мұндай хабарламаларды бұқаралық ақпарат құралдарында немесе ведомстволардың әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тексеру қажет. Сонымен қатар, осындай хабарламаларды жариялауға көмектесетін арнайы Facebook қауымдастығы құрылды.
Азаматтар жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады және кез келген рұқсат етілмеген шеру заңсыз болып табылады.
Қазақстанда жалған ақпарат таратқандарға 20 АЕК сомасындағы айыппұл төлеуден бастап, 7 жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген.
Қала тұрғындарын әлеуметтік желілерде тарап жатқан жалған хабарламаларға сенбей, тек ресми дереккөздерден ақпарат алуын сұраймыз.
Кейбір адамдар қаншалықты «креативті» жұмыс істейді. Жұмыс барысындағы жиналыстан фотосуреттерді жүктеп, интрига...
Опубликовано Кайратом Бисембаевым Суббота, 9 января 2021 г.