ОСК жаңа мәліметтерді жариялады
Орталық сайлау комиссиясы елорда уақытымен сағат 10:00-дағы жағдай бойынша сайлаушылардың қанша пайыз дауыс бергенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ОСК-на сілтеме жасап.
Облыстық, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларының сайлау комиссиялары ұсынған ақпаратқа сәйкес, 10:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 11,6 пайызы дауыс берді.
Олардың ішінде:
Ақмола облысы бойынша – 10,2%,
Ақтөбе облысында – 9,9%,
Алматы облысы – 11,3%,
Атырау облысы – 10,3%,
Батыс Қазақстан облысы – 12,7%,
Жамбыл облысы – 12,8%,
Қарағанды облысы – 10,4%,
Қостанай облысы – 11,2%,
Қызылорда облысы – 10,3%,
Маңғыстау облысы – 8,7%,
Павлодар облысы – 14%,
Солтүстік Қазақстан облысы – 14,9%,
Түркістан облысы – 13,3%,
Шығыс Қазақстан облысы – 12,1%,
Нұр-Сұлтан – 10,8%,
Алматы – 9,7%
Шымкент – 14,4%.
Жексенбі, 10 қаңтарда Қазақстанда парламенттің төменгі палатасы – мәжіліске депутаттарды сайлау өтіп жатыр. Дауыс беру елорда уақытымен 07:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады.