ҚАА-ның бақылаушылары дауыс беру процедурасы заңға сәйкес өтіп жатқанын айтуда
Алматының жалпықалалық баспасөз орталығында өткен брифингте қаладағы Азаматтық Альянстың сайлау процедураларының ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық орталықтың жетекшісі Әділ Жүнісов, Алматыдағы Азаматтық Альянстың байқаушылар мектебінің жетекшісі Александр Братенков және қаладағы Азаматтық Альянстың сайлау процедураларының ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық орталығының мүшесі Сауле Алпысова сайлау учаскесіндегі қазіргі жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әділ Жүнісов атап өткендей, Алматы қаласының Азаматтық Альянсының бақылаушылары ашылған барлық сайлау учаскелерінде жүр.
«Сайлау басталды. Бүгін ауа райы да тамаша. Адамдардың көңіл-күйлері жақсы. Олар отбасыларымен, балаларымен бірге дауыс беруге келуде», – деді Ә. Жүнісов.
Алматының Азаматтық Альянсының бақылаушыларды бір ай ішінде даярлады. Олар қажетті заттармен қамтамасыз етілді.
Александр Братенков бақылаушылардың кәсіби дайындықтан өткендіктен сайлауды бақылау, дауыс беруге мониторинг жүргізу және нәтижелерін шығару оларға қиынға соқпайтынын айтты.
«Қазіргі кезде сайлау процесіне тәуелсіз бақылаушыларға сайлау процесіне қатысу үшін қатаң талаптар қойылған. Яғни учаскелік сайлау комиссияларындағы сауатты әрі әділ бақылаушылардың болғаны жөн. Сонда ғана олар сайлауды дұрыс бақылап, тиісті ескертпелер жасай алады», – деді А. Братенков.
Өз кезегінде Сәуле Алпысова Азаматтық Альянстың сайлау барысы туралы ашық және әділ хабар беруге дайын екенін атап өтті. Әлеуметтік желілердегі ҚАА-ның парақшаларында таңнан бері қарай Алматының сайлау учаскелеріндегі қазіргі жағдай туралы ақпараттар жариялануда. Бұдан өзге, бақылаушылар сайлаушылардың кез-келген сұрақтарына жауап беруге дайын.