Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда дауыс берді

10.01.2021 в 16:54

ҚР Президенті елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесіне келіп, дауысын берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті мен жергілікті мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Президенті елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.

Елорда уақытымен сағат 08:00-де жағдай бойынша еліміздегі 9 994 сайлау учаскесінде және шет мемлекеттердегі қазақстан өкілдіктері жанындағы 17 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды. Конституциялық мерзімге сай өтіп жатқан Мәжіліс сайлауына елімізде тіркелген 5 саяси партия, атап айтқанда, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Nur Otan» партиясы, «ADAL» саяси партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Қазақстанның Халық партиясы» депутаттық мандаттан үмітті. Бұл партиялар барлық деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға да өз кандидаттарын ұсынған.