Сайлау 2021: Елдегі үгіт-насихат жұмыстары қалай жүріп жатыр

Сайлау 2021: Елдегі үгіт-насихат жұмыстары қалай жүріп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Халық партиясының өкілдері бір жыл бұрын «Bek Air» әуе компаниясының «Фокер 100» ұшағы құлаған Гүлдала кентіне барып, опат болғандардың рухына тағзым етті. Апат орын алған жерде бір минуттық үнсіздік жариялап, гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ, олар қаралы күні қаза болған ел азаматы генерал-майор Рүстем Хайдаровтың өнегелі жолын еске алды. Ал, Алматы қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер Гүлдана Нұрпейісованың айтуынша, мұндай жағдайлар орын алмас үшін кез-келген жерде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек.

«Нұр Отан» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат, жоғары санатты дәрігер Алмат Қодасбаев «Тұран» университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен және студенттерімен кездесу өткізді.Келесі жылы мегаполисте 1400 төсектік «Біріккен университет клиникасы» халықаралық ауруханасының құрылысы басталмақ. Жобаның серіктестері Sojitz (Жапония), Vamed and Charite (Австрия, Германия), Medical Partners Korea (Корея) болды. Әлемдік компаниялармен бірлесіп медицина саласындағы жаңа ірі жобалар Алматыға медициналық туризмнің аймақтық орталығы болуға мүмкіндік береді.

2020 жылдың 25 желтоқсанында «Ауыл» партиясының атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ басқарма төрағасы Қ.Айтуғанов «Ауылдан ауылға» акциясы аясында облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттығына үміткерлер арасынан үгіт-насихат тобымен бірге Ақтөбе облысының Алға ауданындағы бірқатар ауылдық елді мекендерде болып, «Реймкул» шаруа қожалығының ұжымымен кездесті.

«Ақжол» демократиялық партиясы өзінің үгіт-насихат жұмыстарын халықпен тығыз байланыста жүргізіп жатыр. Бүгін партия ұйымдастырған автошеру Алматының басты көшелерімен жүріп өтті. Әл-Фараби даңғылынан бастау алған ақ түсті 15 автокөлік 2 сағат бойы шаһардың басты көшелерін аралады.Партияның Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Дмитрий Васильевтің айтуынша, бұл автошеру тұрғындардың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, саяси белсенділікке үндеу мақсатында ұйымдастырылған.

Алматы қалалық «ADAL» партиясы қызықты бастама - мобильді ақпараттық пунктерін іске қосты. Қазақстанда мұндай шешімдер жоқ.Сонымен, егер Сіз қаланың көшелерінде «ADAL» партиясының рәміздері бейнеленген автокөлікті байқасаңыз, онда Сіз келіп, кеңес алып, партияға кіре аласыз.Апта соңына дейін партия символикасы бар автопарк 200 автоколікке дейін өседі деп жоспарлануда. Әзірге қалада 30-ға жуық көлік жүруде.

Новости партнеров