Қазіргі уақытта Алматыда 109 мыңнан астам адам дауыс берді – сайлау комиссиясы

стоп-кадр
стоп-кадр
Сағат 12:00-ге дейін үйде дауыс беруге өтініш беруге болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының сайлау учаскелеріндегі ағымдағы жағдай туралы жалпықалалық баспасөз орталығында өткен брифингте аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазіргі уақытта Алматы қаласында сайлау өтіп жатыр. Ж.Асанованың айтуынша, сайлаушылар тізімінде 1 132 232 адам бар. Қазіргі уақытта, сағат 10:45-те 109 мыңнан астам адам дауыс берді. Сайлау барысында түрлі жағдай болып жатыр. Бірақ оның барлығы шұғыл түрде шешілуде. Негізінде, айтарлықтай заң бұзушылық немесе азаматтардың құқықтары бұзылып жатқан жоқ. Барлық даулы мәселелер сайлау учаскелері шеңберінде шешіледі. 

Сағат 12:00-ге дейін үйде дауыс беруге өтініш беруге болады.

Жалпы Ж. Асанованың айтуынша, жағдай тұрақты. Дауыс беру кезінде сайлау процесіне қатысушылар арасында ұсақ-түйек түсініспеушілік болуы мүмкін, бірақ бәрі тез шешіледі.

«Мұның бәрі жұмыс тәртібімен шешіледі. Қазіргі уақытта қандай да бір заңнаманы бұзу болған жоқ. Өйткені бәрі қалыпты жағдайда жүріп жатыр», – деп атап өтті ол.

Новости партнеров