Қазақстан сайлауға пандемия жағдайында өте жақсы дайындалған – халықаралық бақылаушы

Almaty.tv
Almaty.tv
Мортен Мидтског Қазақстандағы сайлау учаскелеріндегі санитарлық нормалардың сақталуына мән берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бас Консервативті партияның мүшесі, Норвегиядан келген халықаралық бақылаушы Мортен Мидтског Қазақстандағы сайлаудың ұйымдастырылуын жоғары бағалады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Маған Қазақстандағы сайлауды бақылау қызық болды. Жалпы айтқанда, екі елдің сайлау процестері ұқсас екен. Қазақстан сайлауға өте жақсы дайындалған. Сайлау процесінде Қазақстан мен Норвегия арасында аса айырмашылық жоқ», – деп атап өтті халықаралық бақылаушы.

М. Мидтског Қазақстандағы сайлау учаскелеріндегі санитарлық нормалардың сақталуына мән берді.

«Менің ойымша, Қазақстан пандемия жағдайында сайлауға өте жақсы дайындалған, тіпті өз Отанымнан да жақсы ма деймін. Барлығы жоғары деңгейде өткізіліп жатыр, барлық санитарлық шаралар жақсы сақталған. Мұнда қоғамдық арақашықтықтың сақталуына аса мән берілген. Санитайзерлер орнатылып, барлық сайлауға келген азаматтар маска киген екен. Яғни сайлаушылардың дауыс берулері  үшін барлық жағдай жасалған», – деді ол.

Мортен Мидтског таңертеңнен бері Алматы қаласындағы 5 сайлау учаскесінде болды.

«Барлық сайлау учаскесі бір стандартқа сай жасалған және қажетті құрылғылар орнатылыпты. Қазақстандағы сайлауды өз көзіммен көргенім үшін өте қуаныштымын», – деп бақылаушы сөзін түйіндеді.

Новости партнеров