Сайлауда қоғамның белді азаматтары да белсенділік танытып жатыр. Бүгін Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов та таңмен таласа тұрып, жергілікті сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Бұл қоғамда үздіксіз жүретін объективті процесс әрі Конституциядағы заңдылықтардың сақталғанын дәлелдейді. Бүгін ел болашағы үшін аса маңызды күн дейді еліміздің көрнекті ғалымы және зиялы қауым өкілдері, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Мұндағы дауыстың саны оның пайызы сол өңірдегі тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын көрсетеді. Пайыз дауысы төмен болса, оны біздің үкімет жақсылап талдауы керек. Неге олай? Мүмкін, сол өңірде су жетіспейтін шығар, байланыс құралы жоқ па? Осы сұрақтарды анықтайтын индикатор бұл сайлау деген», – деді ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов.
«Бәрі бетпердемен отырды, арнайы костюммен, қолғаппен. Дезинфекция бар. Бір бірінің арасында бір метр қашықтықты сақтаған. Ұйымдастырушылар қала халқына деген өздерінің дайындығын көрсетіп жатыр», – деді қоғам қайраткері, саясаткер Серікбай Нұрғисаев.
«Бұл сайлаудың басқалардан ерекшілігі – әйелдер мен жастарға ерекше көңіл бөлуінде. Әйелдер мен жастар саяси мәселелерге болашақта белсенді араласып, ел мүддесіне қызмет атқарады деп сенемін», – деді Қазақ Ұлттық аграрлық универстиетінің ректоры Тілектес Есполов.