Алматы АСК төрағасы сайлау процесіне қатысушыларға жүгінді

стоп-кадр
стоп-кадр
Желіде Түрксіб ауданының №424 сайлау учаскесінде жәшікке бюллетеньдер салынған әйелдің суреті тараған болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлеуметтік желілерде таратылған жалған ақпараттарға байланысты Алматы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова сайлау процесінен ақпарат таратып жатқан БАҚ өкілдеріне жүгінді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Желіде Түрксіб ауданының №424 сайлау учаскесінде жәшікке бюллетеньдер салынған әйелдің суреті тараған болатын. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Алматы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова онлайн-брифинг барысында бірнеше дәлел келтірді.

«Ақпаратты таратпас бұрын оның дұрыстығына көз жеткізіп алыңыз. Бұл жағдай болмаған оқиғаны болды деп жалған ақпаратты сенімді фактіге қалай айналдыруға болатынын көрсетеді. Сондықтан әріптестер, әсіресе, журналистер, өтінеміз, ақпаратты бірнеше рет тексеріп алғаныңыз жөн. Бұл өзіңіздің абыройыңыз. Сіздің де, біздің де сайлаушылар алдындағы жауапкершілігіміз - адамдарға дұрыс ақпарат беру», – деп түйіндеді ол.

Новости партнеров