ОСК сайлауда ҚХА атынан депутаттыққа үміткерлердің бюджет есебінен жабылатын шығынын бекітті

Almaty.tv
Almaty.tv
Ол туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Орталық сайлау комиссиясы сайлауда Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан депутаттыққа үміткерлердің бюджет есебінен жабылатын шығынын бекітті. Ол туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, Қаулыда кандидаттың 870 000 теңге көлемінде, оның ішінде: теледидар мен радиода бағдарламалармен сөз сөйлеуге, сондай-ақ мерзімді баспа басылымдарында 2 мақала жариялауға 590 000 теңге сомасында қаражат қарастырылған. Бұдан басқа, сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға, көлік шығындарына қаражат сомасы белгіленген.  

«Сайлау заңнамасына сәйкес, мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен БАҚ-қа шығу үшін қаражаттың тең бөлінуіне кепілдік береді. Үміткерлердің бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу тәртібі мен көлемін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды. Қаулыға сәйкес, БАҚ-та өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін үміткерге қаражат бөлу көзделген», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина.

Ал, бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайлауға түсетін 9 үміткер тіркелген. Сондай-ақ орталық сайлау комиссиясы сайлауда Ассамблея мүшелерінің дауыс беруіне арналған бюллетендерді дайындайды.

Новости партнеров