Еліміздегі саяси партиялар алматылықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

v-2021.ru
v-2021.ru
Олар әр отбасыға бақыт пен береке тіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Саяси партия өкілдері қазақстандықтарды және Алматы қаласының тұрғындарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv. Олар әр отбасыға бақыт пен береке тіледі.

«Nur otan» партиясы:

– Құрметті алматылықтар, сіздерді келіп жеткен жаңа 2021 жылмен құттықтаймыз! Сиыр жылында қуанышты сәттеріміз көп болсын! Үйлеріңіз бақыт пен берекеге толсын!

«ADAL» партиясы:

–  Құрметті достар! ADALды таңдағаныңызға және бізбен бірге болғаныңызға алғыс білдіреміз. Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Өміріңізде сәттілік арта берсін! 

«Ақ жол» демократиялық партиясы

–  Құрметті қазақстандықтар! Құрметті алаш елі! Баршаңызды  жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймын. Өтіп бара жатқан жылда талай қайғы болды. Соның барлығы ескі жылда қала берсін. Ал, жаңа жылда елімізге бейбітшілік, қуаныш және көп жеңіс тілейміз. 

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы

–  Құрметті алматылықтар! 2020 жыл бар адамзат үшін, Қазақстан үшін және сіз бен біз үшін де қиын жыл болды. Осы бір қиын уақытта алматылықтар өздерінің бірлігі мен бекемдігін көрсетті. Келе жатқан жаңа 2021 жыл өткен жылға қарағанда сәтті де берекелі жыл болады деп сенеміз. Жаңа жылда сіздерге және отбасыларыңызға мықты денсаулық пен бақ-береке тілейміз. Барлық армандарыңыз орындалсын! Жаңа жыл құтты болсын!

«Қазақстан Халық партиясы»

–  Құрметті отандастар, қазақстандықтар! Сіздерді жаңа 2021 жылмен құттықтаймыз! Еліміз, сүйікті қаламыз Алматы көркейе берсін! Жаңа жылда тек қуаныш пен шаттық болсын! Әр отбасында байлық пен береке арта берсін! Жаңа жыл жақсылығымен келсін! Барлық армандарыңыз орындалсын!

Новости партнеров