Мұғалімдердің жалақысы 2021 жылдың қаңтарынан бастап 25 пайызға өседі

Мұғалімдердің жалақысы 2021 жылдың қаңтарынан бастап 25 пайызға өседі
Мұғалімдердің жалақысын көтеру туралы бұйрық тек мектеп мұғалімдерін ғана емес, балабақшалардың, колледждердің, қосымша білім беру жүйесінің мұғалімдерін де қамтитынын ескертеміз
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мұғалімдердің жалақысы қаңтар айынан бастап 25 пайызға өседі, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы қыркүйекте Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтқан болатын. Тамыз айында мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовты қабылдап, педагогтердің мәртебесін көтеруге бағытталған жұмысты жалғастырудың маңыздылығын айтқан болатын. Президент мұғалімдерді негізгі қызметінен бөлек жұмысқа жұмылдырмауды да тапсырған.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2020 жылы желтоқсан айында өткен онлайн-брифингте:

«Биылғы жылы жалақыны 25% көтеру міндеті қойылды, біз бұл міндетті орындадық. Келесі жылы қаңтардан бастап барлық мұғалімдердің жалақысы тағы 25 пайызға көтеріледі. Мұғалімдердің жалақысын көтеру туралы бұйрық тек мектеп мұғалімдерін ғана емес, мұнда біз балабақшалардың, колледждердің, қосымша білім беру жүйесінің мұғалімдерін де қамтитынын ескертеміз» – деген.

Оның айтуынша, мұғалімдер үшін қосымша ақы да қарастырылған. Мұғалім санатына байланысты жалақысының 30-дан 50%-ға дейін қосымша ақы да ала алады.

Новости партнеров