Сайлау-2021: Сайлаушылардың 52,5 пайызы дауыс берді

ЦИК РК
ЦИК РК
ОСК жаңа мәліметтерді жариялады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтарда астана уақыты бойынша сағат 16:00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санынан 52,5 пайызы алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ОСК сайтына сілтеме жасап.

Олардың ішінде:

Ақмола облысы бойынша – 56,9 пайыз

Ақтөбе облысы бойынша – 45,6 пайыз

Алматы облысы бойынша – 58,0 пайыз

Атырау облысы бойынша – 45,6 пайыз

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 53,5 пайыз

Жамбыл облысы бойынша – 63,4 пайыз

Қарағанды облысы бойынша – 58,8 пайыз

Қостанай облысы бойынша – 62,4 пайыз

Қызылорда облысы бойынша – 60,9 пайыз

Маңғыстау облысы бойынша – 43,3 пайыз

Павлодар облысы бойынша – 57,8 пайыз

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 62,4 пайыз

Түркістан облысы бойынша – 53,6 пайыз

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 62,0 пайыз

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 41,1 пайыз

Алматы қаласы бойынша – 25,3 пайыз

Шымкент қаласы бойынша – 49,2 пайыз

Келесі шұғыл ақпарат сағат 18.00-де баяндалады.

Новости партнеров