Қорытынды нәтиже аймақтық сайлау учаскелерінің қорытындысынан кейін белгілі болады
Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс берудің алдын ала қорытындысы шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Сайлаудың алдын ала қорытындысы:
Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) - 9,10 пайыз дауыс;
Nur Otan партиясы - 71,09 пайыз дауыс;
"Ауыл" партиясы - 5,29 пайыз дауыс;
"Ақ жол" партиясы - 10,95 пайыз дауыс;
ADAL саяси партиясы - 3,57 пайыз дауыс.
Қорытынды нәтиже аймақтық сайлау учаскелерінің қорытындысынан кейін белгілі болады.
Айта кетейік, 2021 жылғы 10 қаңтарда республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру астана уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды.
Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтардағы астана уақыты бойынша сағат 22.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімдерге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 63,3 пайызы алды.
Сондай-ақ кеше Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауында exit poll нәтижелері жарияланды.
Мәжіліс депутаттарының сайлауында exit poll нәтижелері былай бөлінді:
• Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) - 9,03 пайыз дауыс;
• Nur Otan партиясы - 71,97 пайыз дауыс;
• "Ауыл" партиясы - 5,75 пайыз дауыс;
• "Ақ жол" партиясы - 10,18 пайыз дауыс;
• ADAL саяси партиясы - 3,07 пайыз дауыс.
Қазақстандағы Мәжіліс депутаттарының сайлауындағы екінші exit poll деректері жарияланды. Деректерді "Демократия институты" жобасының директоры Татьяна Башарина КТК телеарнасының эфирінде келтірді.
"Демократия институтының" мәліметтері бойынша exit poll нәтижелері мынадай:
• Қазақстан Халық партиясы - 9,54 пайыз;
• Nur Otan партиясы - 72,01 пайыз;
• "Ауыл" партиясы - 4,93 пайыз;
• "Ақ жол" партиясы - 10,27 пайыз;
• Adal партиясы - 3,25 пайыз.