Арман Давлетияров Muz-TV телеарнасының бас директоры қызметінен кетті

11.01.2021 21:28

А. Давлетияров 2013 жылдан бастап Муз-ТВ-ның бас директоры болып қызмет атқарды

peopletalk.ru

Арман Давлетияров Ресейдегі Muz-TV телеарнасының бас директоры қызметінен кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz

«Достар, биыл MUZ-TV арнасына 25 жас толады. Бүгінгі таңда телеарна ең жоғары деңгейге жетті: телекөрсетілім жағынан көрсеткіші ең жоғары және MUZ-TV жұмыс істеген барлық жылдарда ең жақсы қаржылық көрсеткіштер танытты. Енді еліміздегі ең жақсы музыкалық телеарна деп оны сенімді түрде айта аламыз, сондықтан еш алаңсыз шеткері шығуыма болады. MUZ-TV-ның негізін қалаушының бірімін, алғашқы қадамын тәй-тәй жүріп бастағанда арнаға жұмысқа келдім. Біз 25 жылдың 20 жылын бірге өткердік және менімен бірге артистер мен көрермендердің бірнеше буыны өсіп-жетілгеніне қуаныштымын», – деп өзінің Instagram парақшасында жазды.