Мемлекет жастардың еліміздің қоғамдық-саяси процестеріне араласуын қолдайды – cарапшылар

08.01.2021 22:16

«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Заңға енгізілген түзетулердің арқасында жастардың белсенділігі арта түсті

ortalyq.kz

Сарапшылар заң шығарушы органдар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметіне жастардың белсенді қатысуын ынталандыруға бағытталған заңнамалық бастамаларға өз ойларын білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бірқатар қазақстандық сарапшылар жастардың саяси және заңнамалық процестерге қатысуының маңыздылығын атап өтті. Қазақстан Президенті Қ.Ж.Тоқаев жастардың  заңнамалық органдардың  және жергілікті өкілді орган – мәслихаттардың қызметіне белсенді қатысуын ынталандыратын заңға қол қойған еді.

Алматы қаласының әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі және қоғам қайраткері Фарида Жылқыбаеваның айтуынша, осы түзетулердің арқасында сайлауға жастар көп қатысады.

«Бұл сайлауға бүкіл Қазақстан бойынша сайлауға көптеген жастар мен әйелдер қатысады және біз бүгін бұрын айтылмаған көптеген бағдарламаларды естідік. Жастардың белсенділігі қуантады», — деді ол.

А.Сызғанов атындағы «Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» директорлар кеңесінің төрайымы және әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Тұрсынкүл Ботабекова Президент енгізген түзетулердің өзектілігін атап өтті.

«Қазір жастар креативті, сауатты, талантты, әсіресе цифрлық технологиялар саласында білгендері көп. Ал біздің тәжірибемізді, білімімізді оларға бере алсақ, тіпті керемет болар еді. Қазіргі істеп жатқан жұмыстарымыздың барлығы да келешегіміз үшін. Сондықтан бұл түзетулер дәл қазіргі уақытта өзекті», – деді Т.Ботабекова.

Қазақ қыздар педагогикалық университетінің құқық және басқару негіздері кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Ақмарал Қожабекова да осы түзетуді қолдады.

«Жастарға жол» қағидатын ұстанғаннан кейін, мен басқару органдарында жастарды көбірек көргім келеді. Жастар — жаңа үрдістер, жаңа мақсаттар мен міндеттер, оларды шешудің жаңа тәсілдері», – деді А.Қожабекова.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 25 мамырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қатынастар саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру мақсатында бірқатар заңдарға қол қойды. Атап айтқанда, саяси реформалар пакетін іске асыру шеңберінде саяси партиялар туралы және сайлау туралы заңнамаға өзгерістер енгізілді.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңға енгізілген түзетулер әрбір саяси партия сайлауға қатысу үшін партиялық тізімді қалыптастыру кезінде әйелдер мен 29 жасқа дейінгі жас адамдар үшін арнайы 30% квота көздеуге міндетті деп белгілейді. Жалпы, қабылданған заңдар көппартиялықты, плюрализмді дамытуға, әртүрлі атаулы топтардың саяси қатысуын кеңейтуге бағытталған.ған