Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімдігі Instagram парақшасында учаскелік комиссияның 101 жастағы Кұлтай Сәдуақасова мен 99 жастағы Таисья Антипинаның үйіне барғанын жазды
Алматының ең қарт тұрғындары Мәжіліс пен мәслихат сайлауында дауыс берді. Сайлау комиссиясының мүшелері олардың үйіне барды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімдігі Instagram парақшасында учаскелік комиссияның 101 жастағы Кұлтай Сәдуақасова мен 99 жастағы Таисья Антипинаның үйіне барғанын жазды.
«Біздің Жетісу ауданында 100 жастан асқан және осы жасқа жақындаған тұрғандар бар. Пандемияға байланысты, оларға ыңғайлы әрі қауіпсіз болу үшін учаскелік комиссия дауыс беруге арналған арнайы жәшікпен олардың үйіне барды. Дәл осы әдіспен бүгін 1920 жылы туған Құлтай Сәлуақасова, 1922 жылы туған Антипина Таисья Ивановна және 1937, 1938 жылы дүниеге келген Нефедова Маргарита Филипповна мен ерлі-зайыптылар Ахметқалиев Нұрғали және Рая өз даусын берді», – делінген хабарламада.