Кездесу барысында бизнесмендер ШОБ-ті дамытуға қатысты өзекті мәселелерді атады
«ADAL» партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Ғани Абадан «Жас кәсіпкерлер» бағдарламасының түлектерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шара барысында ол жиналғандарға «ADAL» партиясының қазақстандық бизнесті дамытуға қалай көмектесе алатыны туралы айтып берді. Кездесу барысында бизнесмендер ШОБ-ті дамытуға қатысты өзекті мәселелерді атады.
Бағдарлама түлектеріне «ADAL» партиясының сайлауалды бағдарламасының «Кәсіпкерлік - табысты мемлекеттің негізі» атты бөлігі таныстырылды.
«Азаматтар үшін лайықты өмір мен әлеуметтік саланы дамыту бюджет шығыстарының өсуін талап етеді. Бюджет салықтар есебінен толықтырылады, сондықтан экономиканың қозғаушы күші кәсіпкерлік болып табылады. Жаппай кәсіпкерлікті (микро және шағын бизнес) дамытуға және экономиканың шикізаттық емес секторларында ірі және орта бизнесті қолдауға сөзсіз басымдық берілуге тиіс», - деп атап өтті Ғани Абадан.