Форумға 25 адам жиналды, жастар қанатының тағы 300 белсендісі онлайн форматта қатысты
«Ауыл» партиясы Алматыда «Жастар – ел тірегі» жастар форумын ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шараны ұйымдастырушылар ретінде «Ауыл» ХДПП-ның жастар қанаты қатысты. Форумға 25 адам жиналды, жастар қанатының тағы 300 белсендісі онлайн форматта қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар отансүйгіштік, білім беру және ауылдық жерлердегі жастардың өмірі тақырыптарын талқылады. Сондай-ақ, «Ауыл» ХДПП-ның сайлауалды тұғырнамасының негізгі міндеттері туралы айтылды.
«Ауыл» ХДПП атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Әзімхан Сатыбалдин жастар алдында сөйлеген сөзінде Қазақстанда мерзімі жеткен әлеуметтік-демографиялық проблемаларды шешу үшін, ең алдымен, ауылдар мен қалалар тұрғындарының әлеуметтік теңдігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдау қажет екенін айтты.
«Жастарды ауылдағы жұмысқа ынталандыру керек: жас отбасыларға баспана алу және тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін , ал ауылды жерлерге көшіп баратындарға баспана алып, үй шаруашылығын жүргізіп, ауылда бизнес ашу үшін пайызсыз қарыз (заем) беру керек», - деп санайды ҚР ҰҒА профессоры, академик, ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының директоры Әзімхан Сатыбалдин.
Сондай-ақ, спикердің пікірінше, рухани-адамгершілік құндылықтарды дамытуға назар аудару қажет. Азаматтық сана-сезімді жаңарту, мемлекеттік тілді нығайту мәселесін шешуде ауыл ерекше рөл атқарады, олардың пікірінше, халықтың мәдени кодын сақтауға қабілетті дәстүрлі құндылықтардың тамыры мен қайнар көзі, моральдық және адамгершілік дәстүрлердің өзегі саналады.