Орталық сайлау комиссиясына 100-ге жуық өтініш түскен

Almaty.tv
Almaty.tv
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев жергілікті атқарушы органдар кезекті сайлауды материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдауы тиіс екенін атап өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Орталық сайлау комиссиясына 100-ге жуық өтініш келіп түскен. Ол туралы комиссия мүшесі Ерлан Дауылбав айтты. Сөзінше, өтініштердің басым бөлігі сайлау заңнамасын түсіндіруге қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ, қазақстандықтарды сайлауды ұйымдастыру бойынша ақпарат беру мәселесі толғандырған. Бұл ретте әрбір алтыншы өтініште сайлау процесіне қатысушылардың жекелеген санаттарының өкілеттіктерін іске асыру мәселелері қозғалыпты. 

«Бір Үкіметтік емес ұйым арызды сотқа жіберіп, ОСК-ның аталған қаулысын ресми жариялануды талап ететін нормативтік-құқықтық акт деп санады. Сонымен бірге, ОСК бұл қаулының құқық нормаларын қамтымайтынын және соның салдарынан нормативтік-құқықтық акт болып табылмайтынын бірнеше рет түсіндірді»,– деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев.

Ал, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев жергілікті атқарушы органдар кезекті сайлауды материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдауы тиіс екенін атап өтті. Бұдан басқа, әкімдіктер дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдауы керек. 


Новости партнеров