Д. Құсайынов: Қазақстанда гендерлік саясат, тепе-теңдік бар

Д. Құсайынов: Қазақстанда гендерлік саясат, тепе-теңдік бар
Сайлау туралы заңға сәйкес, әр партия тізімінің 30 пайызы әйелдер мен 29 жасқа дейінгі жастардың болуы міндеттеледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биылғы Мәжіліс және жергілікті мәслихат депутаттарын сайлаудың ерекшелігі – партия тізімінің 30 пайызы әйелдер мен 29 жасқа дейінгі жастардан тұруы қажет.

Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Дәуренбек Құсайынов заңға енгізілген түзетулер туралы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Көрші Азия мемлекеттеріне қарағанда біздің елде әйелдердің құқығы сақталған. Қазақстанда гендерлік саясат, тепе-теңдік бар. Қазіргі уақытта барлық партиялардың үгіт-насихат жұмыстары белсенді жүруде, оның ішінде әйелдеріміз өздерінің азаматтық позицияларын көрсетіп жатыр» – дейді Д. Құсайынов.  

Жалпы сайлау туралы заңға сәйкес, әр партия тізімінің 30 пайызы әйелдер мен 29 жасқа дейінгі жастардың болуы міндеттеледі. Сонымен қатар саяси партия құру үшін керекті азаматтардың саны 40 мыңнан 20 мыңға дейін төмендетілген. Бұл түрлі топтардың саяси додаға белсене қатысуына жол ашады.

Новости партнеров