Сайлау ережесінің бұзылғаны туралы мәліметтер дереу арнайы орган қызметкерлеріне жеткізілген
Парламент Мәжілісі мәслихат депутаттарының сайлауында ел бойынша 500 заңбұзушылық анықталып, 76 акт толтырылған. Бұл туралы TAZA SAILAU тәуелсіз байқаушылар қозғалысының өкілдері баспасөз маслихатында баяндады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сайлау ережесінің бұзылғаны туралы мәліметтер дереу арнайы орган қызметкерлеріне жеткізілген. Жалпы, тәуелсіз байқаушылар қозғалысының 5 мың өкілі ел бойынша 3138 бөлімшедегі сайлаудың әділ өтуін бақылаған.
«Кеше біздің 5 мың тәуелсіз бақылаушылар ең ірі еліміздің қалаларында учаскелерде жұмыс істеді. Ол 1/3 деп айтуға болады. Неге десеңіздер, біздің елде 10 мың учаске болды. Біздің және халықаралық бақылаушылардың пікірінше, мына эпиджағдайға қарамастан дауыс беру тиісті деңгейде өтті және өрескел бұзушылықтар анықталмады», – деді TAZA SAILAU тәуелсіз бақылаушылар азаматтық қозғалысының өкілі Бигелді Ғабдуллин.