Алматыда сайлау заңнамаға сәйкес өтті — бақылаушылар

стоп-кадр
стоп-кадр
Сонымен бірге, бақылаушылар бұзушылықтар тіркелген-тіркелмегені туралы айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының қалалық баспасөз орталығында өткен брифингте Алматы қаласының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінен бақылаушылар штабының мүшесі Алмагүл Әкімова ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауында штабтың жүргізген жұмыс туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«ҚР Парламенті Мәжілісі мен Алматы қаласының Мәслихатына сайлаудың қорытындысы бойынша Алматы қаласы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бақылаушылары ешқандай жүйелі бұзушылықтарды анықтаған жоқ. Сайлау тиісті заңнамаға сәйкес өтті», — деді ол.

Сонымен бірге, бақылаушылар бұзушылықтар тіркелген-тіркелмегені туралы айтты.

«Бірлі-жарым жағдайлар болды. Екі учаскеде бақылаушыларды ПТР-тестілері жасалған клиника тізімінде болмауына байланысты кіргізбеді; мәселе аумақтық сайлау комиссиясына жүгінгеннен кейін шешілді. Сондай-ақ, сайлау процесіне қатысушы болып табылмайтын жеке тұлғалар болды, олар кәсіподақтардың бақылаушыларына дөрекілік танытып, сәйкестендіру құжаттарын талап етті. Сондай-ақ, үш сайлау учаскесінде бақылаушылар үшін орындар болмады, алайда, учаске төрағасына жүгінгеннен кейін бұл мәселе тез шешілді»,— деп хабарлады Алмагүл Әкімова.

Мұндай мәселелердің бір бөлігі басшылықпен жедел байланысқа шығу арқасында шешілді: 

«кәсіподақтың 1014 бақылаушысының әрқайсысымен үйлестіруші-штаб мүшелері арқылы байланыс орнатылды. Бұл сайлау процесі барысында кез келген жағдайға жедел әрекет етуге мүмкіндік берді».

Соңында А. Әкімова байқаушылардың да, сайлау учаскелері мүшелерінің де жоғары құзыреттілігін атап өтті: 

«Біздің барлық бақылаушыларымызбен сайлау процесіне араласуына жол берілмеді, сайлау учаскелерінде тәртіп ережелері сақталды. Барлық бақылаушылар бақылау процесінің жоғары ұйымдастырылғанын атап өтті. Бұл біздің бақылаушыларымызға сайлау процестерін адал және бейтарап бақылауға мүмкіндік берді».

Новости партнеров