Олардың ішінде танымал парламентарийлер, Орталық сайлау комиссияларының басшылары, қоғам қайраткерлері және ТМД Атқарушы комитетінің қызметкерлері бар
Қазақстандағы Президент сайлауын Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінен келген 174 байқаушы бақылайды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олардың ішінде танымал парламентарийлер, Орталық сайлау комиссияларының басшылары, қоғам қайраткерлері және ТМД Атқарушы комитетінің қызметкерлері бар. 8 елден келген байқаушылар миссиясы 27 қазаннан бері жұмыс істеп жатыр. Миссия төрағасы Сергей Лебедевтің айтуынша, бүгінге дейін олар еліміздегі сайлау өткізу заңын, саяси науқанға қатысты Конституциялық заңнаманы және тиісті кодекстерді зерделеп шыққан.