Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда дауыс берді

zakon.kz
zakon.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірнеше саяси партия мен республикалық қоғамдық бірлестік халықтық коалиция ретінде ұсынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президенттіктен үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде дауыс беріп, бұл күнді өте маңызды тарихи күн деп атады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ең алдымен, баршаңызды құттықтаймын. Бүгін өте маңызды тарихи күн. Еліміз өз жарқын болашағы үшін белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Бәрі дұрыс болады деп ойлаймын.

Шын мәнінде бұл жыл оңай болған жоқ. Бірақ халқымыз жұмылып, қиындықтарды еңсерді. Енді алдымызда тұрған өте ауқымды міндеттер, мақсаттар бар», - деді Президент дауыс бергеннен кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Аталған сайлау учаскесінің төрағасы Қымбат Мұқанованың айтуынша, учаскеде 2627 адам тіркелген. Дәл қазіргі уақытта 209 сайлаушы дауыс беріп үлгерді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірнеше саяси партия мен республикалық қоғамдық бірлестік халықтық коалиция ретінде ұсынды. Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевті 12 қазанда үміткер ретінде тіркеді.

Қ. Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб өкілдері еліміздің барлық өңірлерін аралап шықты.

Новости партнеров