Жигули Дайрабаев сайлауда дауыс берді
Almaty.tv
Ол Астанадағы № 396 сайлау учаскесіне әйелі мен немерелерін ерте келіп, бір ауыздан таңдау жасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев та сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол Астанадағы № 396 сайлау учаскесіне әйелі мен немерелерін ерте келіп, бір ауыздан таңдау жасады. Жигули Дайрабаев өз учаскесінде бірінші болып дауыс бергендіктен оған кітап сыйға тартылды.
Айта кетсек, кандидат саяси додаға «Ауыл» партиясы атынан түсіп отыр.
«Сайлау кезінде жасаған таңдауым Отаным – сүйікті Қазақстанымның әрбір азаматының тұрмысының жақсаруы, халықтың бай-қуатты өмір сүруі, әлемдік қауымдастықта жоғары деңгейде орын табуына байланысты. Біздің мемлекеттің болашағы өте зор», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Жигули Дайрабаев.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
17.10.2026 12:27
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
17.10.2026 09:12
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
17.10.2026 16:17
Қызыл алма мен жасыл алманың қайсысы ағзаға пайдалы
17.10.2026 12:37