Динара Шымырбаева: Сайлауға қатысу - азаматтық парызымыз

13.11.2022 15:41
Almaty.tv

Өз болашағымызды өзіміз жасайық. Осылай деген актриса Динара Шымырбаева барша қазақстандықтарды 20 қараша өтетін сайлауға қатысуға шақырды.

"20 қараша кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Барлықтарыңызды дауыс беруге шақырамын. Біріншіден, бұл - біздің азаматтық парызымыз және болашағымыз. Өз болашағымызды өзіміз жасайық. Ол үшін әр адам өзінің учаскесіне барып, дауыс беруі қажет. Мен де өз учаскеме барып, дауыс беремін", - деді актриса.

Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімдерінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.