Александр Братенков анықталған бұзушылықтар жалған сипатта екенін айтты
Алматы қаласы бойынша ҚР Президенті сайлауынан хабар тарату жөніндегі баспасөз орталығындағы брифингке Тәуелсіз бақылаушылар орталығының жетекшісі, Алматы қаласындағы партиялық емес бақылау орталығының өкілі Алекандр Братенков қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Александр Братенков анықталған бұзушылықтар жалған сипатта екенін айтты.
«Әртүрлі бақылаушылар болды, олардың пікірінше, әртүрлі бұзушылықтар анықталған. Оқудан өткен өзіміздің бақылаушыларымыз бұларды бұзушылықтар ретінде белгілемен.
Мысалы, бір ұйым байқаушылардың сайлау учаскесінің аумағында еркін жүруіне тыйым салынғанын анықтайды. Олардан сайлау барысын көруге мүмкіндік беретін орынға отыру ұсынылған. Бұл талап өте әділетті және «Сайлау туралы» конституциялық заңға сәйкес, ешкімнің, әсіресе байқаушылардың дауыс беру рәсіміне араласуға құқығы жоқ деп есептеймін. Мұның бәрі заңды. Бір емес, 10-12 бақылаушы сайлау учаскесінің аумағында жүріп алса, жәшіктерге, кабиналарға, комиссия мүшелерінің үстеліне қайта-қайта бара берсе, осы жағдайды елестетіп көріңіздерші, онда бұл дауыс беруге кедергі жасайтындай бейберекет қозғалыс орнына айналады», - деді А.Братенков.
Бақылаушының айтуынша, оның басқа қоғамдық ұйымдардан келген әріптестері адамдар кабинаға жұп боп кірген кезде шағымданған.
«Иә, сайлаушының сенім білдірген адамымен кабинаға кіруіне рұқсат. Оны бірден заң бұзушылық деп тану болмас. Негізінде, заңның 42-бабында мүмкіндігі шектеулі адам өзі сенетін адамның көмегіне жүгіну құқығы бар екені көрсетілген. Осы айтылғандардың барлығы, соның ішінде біздің бақылаушыларымызға заң бұзушылық ретінде әрекет етпегені туралы айтылғандар да сынға төтеп бере алмайтыны белгілі болды», - деп жалғастырды А.Братенков.
Братенков өз бақылаушыларын жағдайды тұрақтандырушылар деп атады, олар тіпті басқа бақылаушылардың арандатушылық жағдайларына бой алдыруға жол бермеді.
«Сайлау жай ғана өткізілген жоқ, ол жаңа саяси мәдениеттің, жаңа саяси көзқарастың қалыптасуына негіз болды», – дейді А.Братенков.
Сөзінің соңында спикер сайлаудағы даулы сәттерге адамдардың сол немесе басқа факторларға қатысты әртүрлі көзқарастары себеп болғанын айтты.
«Бір бақылаушы фактіні заң, заңды негіздер бойынша бағаласа, екіншісі эмоционалды позиция тұрғысынан баға беруі мүмкін», - деп түйіндеді жергілікті бақылаушы.