Қазағымның болашағы үшін сайлауға қатысу керек – Алма Аманжолова

14.11.2022 17:08
Almaty.tv

«Қазағымның болашағы үшін сайлауға қатысу керек». Осылай деген әнші Алма Аманжолова сайлауға қатысты пікір білдірді.

«20 қараша күні кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Қазағымның болашағы үшін сайлауға қатысу керек деп ойлаймын. Менде Қазақстан Республикасының азаматшасы ретінде өз учаскеме барып, таңдауымды жасап, дауыс беремін», – деді әнші Алма Аманжолова.


Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімдерінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.