Алматыда сайлау күні мүмкіндігі шектеулі жандар үшін инватакси ұйымдастырылды
РСК
Сайлау учаскесінің қызметкерлері мені өте жақсы қарсы алды - Ұлан Инкарбеков
Жаңалықтармен бөлісіңіз
ҚР ЕХӘҚМ үйлестіру кеңесінің мүшесі, I топтағы мүгедек Ұлан Инкарбеков өзінің №42 сайлау учаскесіне инватаксимен келді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Бүгінгі сайлау өте қарқынды өтуде. Мен жаңа ғана өзімнің сайлау учаскемде дауыс бердім. Ешқандай бұзушылықтар жоқ, адамдардың дауыс беруге біртіндеп келіп жатқанын көремін. Мүгедектерге ешқандай кедергі жоқ, мені учаскеге дейін арнайы көлікпен алып келді. Кабина өте қолжетімді болды-көру қабілеті нашар адамдарға арналған үлкейткіш әйнек, зағиптарға арналған Брайль трафареті бар әрі іші кең. Мен өз арбаммен тыныш кіріп-шыға алдым. Сайлау учаскесінің қызметкерлері мені өте жақсы қарсы алды", - деді Ұлан Инкарбеков.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
25.10.2026 08:20
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37