Сайлау 2022: Алматыда жазушы Нұрлан Оразалин дауыс берді

20.11.2022 в 17:51

Қаламгер ұлттың болашағы үшін таңдау жасағанына сенімді

Алматыдағы саяси науқан қыза түсті. Қаладағы №301 сайлау учаскесінде жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрлан Оразалин да төбе көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаламгер ұлттың болашағы үшін таңдау жасағанына сенімді.

«Елімнің іргесі шайқалмасын, мықты болсын, бірауызды болайық, ұрпағымыз ақылды болсын, болашағымыз бекем болсын деген өзімнің жүрек қалауыммен келген даусымды бердім. Кімге дауыс бергенімді оны уақыт өзі көрсетеді. Бірақ біз жаңа Қазақстанның жаңғырып, болашаққа нық қадаммен басып келе жатқан батыс пен шығыстың осынау қиын кезеңінде өзін-өзі аман сақтап алатын Қазақстанның ұлтыма, ұрпағыма болашақты қамтамасыз ететін Қазақстанға дауыс беру үшін келдім», - деді ақын, Мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин.