Президент сайлауы – мемлекеттің болашағына бастар қадам

Президент сайлауы – мемлекеттің болашағына бастар қадам
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алда келе жатқан Президент сайлауы – мемлекеттің болашағына бастар қадам. Бұл ретте, келешек республика басшысын сайлауға халықтың бірауыздан белсенді қатысуы да маңызды.

«Елдің болашағы үшін бұл сайлаудың өтуі заңдылық деп ойлаймын. Сондықтан, біздің жастарымыз, еліміздің болашағы жарқын болсын десек, бірауыздан өзіміздің келешек президентімізді таңдап алуымыз керек. Сондықтан да маңызды деп ойлаймы», – деді дәстүрлі әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанова.

Ал зиялы қауым өкілдері алдағы 7 жылдықтың президентіне зор міндет жүктеліп отыр дейді. Өйткені геосаяси, экономикалық қиындық туған тұста ел басқару, өркениетке ұмтылу - оңай іс емес. Сондықтан мемлекет басшысын таңдауда халық мойнында да зор жауапкершілік жатыр.

«Кім-кімге дауыс береді, оны өзі шешеді. Осындай ұлан-ғасыр бәйгеден кімнің аты бірінші келеді, оны халықтың берген дауысы шешеді деп ойлаймын. Мен өзім де осы жолы белсенді түрде сайлауға қатысамын, өйткені Жаңа Қазақстан дегеннің артында не тұр, несімен жаңа болуы керек? Ол туралы пікірімізді айтып та, жазып та жүрміз», – деді жазушы, драматург Дулат Исабеков.

Новости партнеров