Журналист, "Үш қоңыр" республикалық әдебиет, мәдениет және өнер газетінің бас редакторы Болат Батыр барша қазақстандықтарды алдағы сайлауға қатысуға шақырды.
"Барлық қазақстандықтарды, азаматтар мен азаматшаларды сайлауға шақырамын. Бұл - біздің еліміздің болашағы, жастардың болашағы. Дамып келе жатқан бүгінгі еліміздің алға қойған мақсаттары жүзеге асатынына сенемін. Барлық қазақстандықтарды сайлауда дауыс беруге шақырамын", - деді журналист.
Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімдерінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.