Актриса, ҚР Мәдениет қайраткері Марал Анарбек барша қазақстандықтарды сайлауға келіп, дауыс беруге шақырды.
"Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Ол осы қараша айының 20-сында өтеді. Сол сайлауда дауыс беру - әрқайсымыздың азаматтық құқығымыз. Мен өз учаскеме барып, дауыс беремін. Сіздер де 20 қараша сайлауға келіп, дауыс беріңіздер", - деді актриса.
Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімдерінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.